Түркиядағы зауытта жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
Фото: Zakon.kz
NEWS.am басылымының мәліметінше, құтқарушылар әлі де хабар-ошарсыз кеткен төрт қызметкерді іздестіріп жатыр.
Жарылыс 2026 жылғы 9 қарашада Алиага ауданындағы кәсіпорында болған. Биліктің алдын ала болжамы бойынша, балқытылған болатты құю кезінде аспалы кран үзіліп, электр пешіне құлаған. Содан кейін өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі қираған.
Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Breaking: Death toll in Turkey steel plant explosion rises to 10, with 15 injured and 4 still missing. The blast at the HABAŞ plant in Izmir's Aliağa district occurred when an overhead crane collapsed into a furnace while steel was being cast. Rescue ongoing. https://t.co/1SHhNm2XQx
— HINT News (@9415st) November 9, 2026
Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Іске төрт прокурор тартылған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы мен зардап шеккендердің түпкілікті саны анықталып жатыр.