Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен мен ер адамның арасында туындаған жанжал қоғамдық тәртіпті бұзумен және өзге жолаушыларға құрметсіздік танытумен қатар жүрген.
"Аталған факті бойынша екі азаматқа да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда сабыр сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және жанжалға жол бермеуге шақырады", делінген полиция хабарламасында.