Қайталанған заңбұзушылық: Алматыда мейрамхана үш айға жабылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда мейрамхананың жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұндай шешімнің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу ауданында түнгі рейд жүргізген полицейлер Жангелдин көшесіндегі "5 Жұлдыз" ойын-сауық орнында кәмелетке толмаған қыздың жүргенін анықтаған.

"2010 жылы туған қыз мейрамханада заңды өкілдерінсіз болған. Ол полиция басқармасына жеткізіліп, заңды өкіліне қатысты әкімшілік материал жиналды. Тексеру барысында мұндай заңбұзушылықтың бұған дейін де болғаны анықталды. Мекеме иесі бұрын да жауапкершілікке тартылып, оған осындай жағдайларға жол бермеу керектігі бірнеше рет ескертілген", – деп хабарлады полиция.

Алайда ескертулер ескерусіз қалған. Нәтижесінде жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, мейрамхананың қызметі үш айға тоқтатылды.

Қаладағы ойын-сауық орындарында келушілерге қатысты талаптармен қатар, отын мен мангалдарды пайдалану және ауа тазарту жүйелеріне қойылатын талаптардың сақталуы да тексеріліп жатыр. 2026 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Алматыда абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 млн 211 мың теңгеге 11 әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді