"Дәріс жүргізген". Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген күдікті ұсталды

Сурет: pexels
ІІМ қызметкерлерінің ұзақ уақыт жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ жедел уәкілдері ұзақ уақыт бойы күдіктінің заңға қайшы әрекеттерін, оның ішінде интернет кеңістігіндегі қызметін анықтау және құжаттау бойынша жұмыс жүргізді. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам 2024 жылдан бері Қазақстаннан тыс жерде жүріп, радикалды идеяларды таратуды жалғастырған. Ол Telegram мессенджеріндегі жабық топтарға әкімшілік етіп, онлайн дәрістер өткізіп, өз жақтастарына идеологиялық тұрғыда ықпал еткен.

"Күдікті шетелде болғанына қарамастан, оның әрекеттері құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында болды. Бұған дейін оның бірқатар аудиодәрісі терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сот шешімімен экстремистік материалдар деп танылған. Ер адамның шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алғаны анықталды. Ол жақтастары арасындағы беделін пайдаланып, 2024-2025 жылдары олардан 60 миллион теңгеден астам қаражат алған. 11 қарашада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар Алматы қаласы мен Жамбыл облысында бір мезгілде тергеу әрекеттері жүргізілді. Тінту барысында экстремистік идеология белгілері бар діни әдебиеттер мен қолжазба материалдар тәркіленді.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері заңға қайшы әрекеттердің барлық мән-жайын анықтау, ықтимал сыбайластары мен басқа да қатысы бар адамдарды әшкерелеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Экстремистік идеологияны таратуға және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет, оны ұйымдастырушылардың Қазақстанда немесе шетелде болуына қарамастан, анықталып, жолы кесіледі". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды