Шығыс Қазақстанда тас көшкіні жолды жартылай бөгеді

Сурет: видеодан алынған
Шығыс Қазақстан облысында тас көшкіні салдарынан республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігі жартылай жабылды. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеодан тау баурайынан құлаған ірі тастарды көруге болады. Олардың бір бөлігі жолдың жүріс бөлігіне түскен.

Жағдайға "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ түсініктеме берді. Компанияның мәліметінше, тас көшкіні Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 25-шақырымында патрульдеу кезінде анықталған.

"Көлік құралдарының қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етілді. Қазір аталған учаскеде көшкін салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады компания 2026 жылғы 15 қарашада.

Бұған дейін Түркияның орталық бөлігіндегі танымал туристік аймақ Каппадокияда тас құлап, салдарынан үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Көлік министрі балалар арбасымен автобусқа міну мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты