Алматы қар мен көктайғаққа қалай дайындалып жатыр

Алматыда коммуналдық қызметтер қар жаууына дайындық жүргізіп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 09:05 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда коммуналдық қызметтер қар жаууына дайындық жүргізіп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 қарашада қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматыда коммуналдық қызметтер көшелер мен жолдарды тазалап, көктайғақтың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдың көлік жүретін бөлігі мен тротуарлардың жай-күйіне ерекше назар аударылады. Күн сайын қала көшелерінде 3 250 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмыс істейді. Жауын-шашын кезінде жедел әрекет ету үшін 612 техника мен 590 жол жұмысшысы дайындалған. Сондай-ақ жол тазалауға және көктайғаққа қарсы материал себуге арналған 200 құрама жол машинасы дайын тұр", – делінген хабарламада.

"Қазгидрометтің" болжамынша, 16 қарашада күндіз жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +2…+4°C болады.

"Қалалық қызметтер ауа райын бақылауды жалғастырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда 2026 жылғы 16, 17 және 18 қарашада ауа райы қандай болатынын толығырақ осы жерден біле аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: