Елордада толассыз қар жауып тұр. Қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Қар, жауу, Астана, 22 желтоқсан, әкімдік, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2024 15:51 Сурет: gov.kz
Елордада толассыз қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер қар тазалау бойынша тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. 22 желтоқсан күні коммуналдық қызметтер елордадан 42 мың текше метрден асатын 3033 рейс қар шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда қар күреу жұмысына 2603 жол жұмысшы мен 1 595 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға қаладан 105 695 рейс арқылы 1 млн 336 мың текше метрден астам қар шығарылды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласыңыз", делінген әкімдік хабарламасында.

Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Айта кетсек, 20 желтоқсанда Алматыда қар қалың түсіп, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: