Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 19:37 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 18 сәуірге қараған түні қаладан 42 мың текше метрден астам қар немесе 2 894 рейс шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, күн сайын қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылады, 

"18 сәуірге қараған түні қаладан 42 мың текше метрден астам қар немесе 2 894 рейс шығарылды. Таңертең елорда көшелері мен жолдарын қар мен мұздан 2 239 жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника тазартады". Астана қаласының әкімдігі

Қыз мезгілінің басынан бері қаладан төрт миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 323 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Айта кетсек, тек демалыс күндері Астанада айлық нормадан1,5 есе көп қар жауды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: