Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың жертөле қабатында орналасқан бу бөлмесінде тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты қою түтін басқан.
"ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы ғимараттан 12 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 18 қарашаға қараған түні.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында да осындай жағдай болған. Қонаев қаласында ғимараттың жертөле қабатында орналасқан сауна өртенген еді.