Қызылордада сегіз жүргізуші жолда тәртіп бұзды: оқиға немен аяқталды

Фото: pixabay
Қызылордада полицейлері әлеуметтік желілердегі видеоларды зерделеу барысында жүргізушілердің қауіпті маневр жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген сәттеріне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде заңсыз автокортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған сегіз жүргізуші анықталды.

"20 мен 25 жас аралығындағы қала тұрғындарына маневр жасау қағидаларын бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтамағаны үшін заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды", – делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ үш азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен оларға айыппұл салынды.

13 қарашада Қазақстанда жүк көлігінің мемлекеттік нөмірін оқшаулағыш таспамен өзгертіп, соның салдарынан бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші туралы жазған едік.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы