Қонаев қаласында мектеп баспалдағының жақтауынан құлаған оқушы қайтыс болды
Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияда үшінші қабаттағы баспалдақтың жақтауынан құлаған 6-сынып оқушысы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 қарашада түскі уақытта болған.
"Бала құлаған кезде басынан жарақат алды. Дереу жедел жәрдем шақырылып, оқушы қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады білім бөлімі.
17 қарашада оқушыға ота жасалған. Алайда 18 қараша күні таңертең бала қайтыс болды.
Білім бөлімінің мәліметінше, мектепте 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оқиға камераға түсіп қалған.
"Бейнежазбадан оқиға кезінде баланың жалғыз болғаны және баспалдақтың жақтауымен сырғанамақ болғаны көрінеді. Жазбада өзге біреудің баланы ұрғаны немесе итергені тіркелмеген", – деп мәлімдеді Қонаев қаласының білім бөлімі.
Қазір қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін ҚазҰУ-дың қайтыс болған бірінші курс студентінің анасы студенттерден мәжбүрлеп ақша жинау және жоғары курс студенттерінің төменгі курстағыларға әлімжеттік көрсетуі туралы айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript