Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды. Істі тергеуге ҚР ІІМ орталық аппаратының жедел қызметкерлері де тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген адамның кім екенін анықтап, оны ұстады. Ол – Қазақстан азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны. Қылмысты ашу үшін ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері Ақтөбеге жіберілді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ-нің бақылауында", – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 16 қарашада Ақтөбедегі Нұрлы таң көшесінен ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, сол күні таңертең ерте оқиға орнынан оқ атылған дауыс естілген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды