Телефон алаяқтары қоңырауды неге созады: Сарапшылар олардың басты айласын ашты

Фото: freepik
АҚШ-тың киберқауіпсіздік мамандары телефон алаяқтарының адамды неге мүмкіндігінше ұзақ сөйлестіруге тырысатынын және олардың айласын қалай дер кезінде аңғаруға болатынын түсіндірді. Мақсаттары – адамға сабасына түсіп, банкке хабарласып, айтылған ақпаратты тексеруге мұрша бермеу.

Engadget басылымының жазуынша, алаяқтар көбіне адамды "атыңызға несие рәсімделген", "сізді қамауға алуы мүмкін" немесе "шотыңыздан күмәнді ақша аударымдары жасалған" деп қорқытады.

Адам үрейленіп, тұтқаны қоймай сөйлесе берсе, алаяқтар оған психологиялық қысым көрсетіп, ақша аударуға немесе SMS арқылы келген кодты айтуға көндіруге тырысады.

"Жинаған ақшаңызды қорғауға "көмектесіп" жатқан адам сізді басқа біреумен сөйлесуден айнытуға тырысса, бұл – күдіктенуге айқын себеп", – дейді сарапшылар.

Мамандардың кеңесінше, қоңырау күмән тудырса, тұтқаны қойған жөн. Содан кейін банк картасының артқы жағында көрсетілген ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, ақпаратты тексеріңіз.

Сарапшылар қажетсіз қоңыраулардан қорғану үшін iOS және Android смартфондарындағы спам-қоңырауларды сүзу функциясын пайдалануға кеңес береді.

Бұған дейін қазақстандықтарға мессенджерлерде жоғары мөлшерлемемен депозит ашуды, тиімді инвестиция салуды немесе қаражатты тез көбейтуді ұсынатын хабарламаларды алаяқтар жіберуі мүмкін екені ескертілген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"