Qazaqstan Media басылымының 2026 жылғы 18 қарашада жазуынша, ер адам алғашқы белгілерге аса мән бермеген. Ол ауырсыну біртіндеп басылады деп ойлаған.
Ауруханада науқастың жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін шұғыл шара қолданған.
"Науқас хирургия бөліміне жеткізілді. Жағдайы тез нашарлағандықтан, дәрігерлер оған шұғыл ота жасады. Отадан кейін ер адам жансақтау бөліміне ауыстырылды. Тыныс алуы қатты қиындағандықтан, оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Ер адам ауруханада 20 күн емделіп, үйіне шықты. Ауруханадан шығар алдында ол медицина қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғыс айтты.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық көмек көрсету қағидаларына ауқымды өзгерістер әзірлегені хабарланған еді.