Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, мұндай құқықбұзушылықтар, көбіне жас жүргізушілер тарапынан, әсіресе той кортеждері мен мерекелік іс-шаралар кезінде жиі тіркеледі.
"Тәртіп сақшылары барлық 14 факті бойынша құқықбұзушыларды анықтап, көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді". Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін ІІМ қарашаның бірінші онкүндігінде полиция жүргізген соңғы операциялар мен есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындыларын жариялаған болатын.