Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған. Видеодан кроссовер жүргізушісінің жолдың оң жақ шеткі жолағында тұрған көліктердің алдында жылдамдығын бәсеңдеткенін көруге болады. Осы сәтте оның көлігін жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік соққан.
Алғашқы соққыдан кейін көлік қозғалысын жалғастырып, жолдағы тағы бірнеше автомобильді зақымдаған. Көліктерге айтарлықтай нұқсан келген. Олардың алдыңғы бөлігі қирап, бірінің төбесі майысқан.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 22 қарашада хабарлағандай, жол апаты 21 қарашада сағат 16:04 шамасында болған.
"Бұқар жырау даңғылында Lada Priora, Chery, Kia Optima және Chevrolet Aveo маркалы төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Lada Priora және Chery көліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға полицияда тіркелді. Қазір тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда көлік соқтығысқаннан кейін жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған болатын. Зардап шеккендердің арасында 12 жастағы бала бар.