Бұл туралы 2026 жылғы 22 қарашада елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жас жігіт түнгі уақытта BMW көлігімен жолдың жүру бөлігінде дрифт жасап, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан.
Қауіпті маневрлердің салдарынан жол жабыны бүлінген. Тексеру барысында жүргізушінің көлік басқаруға арналған куәлігі жоқ екені де анықталды.
"Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды. Атап айтқанда, маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жол жабынын бүлдіру және көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізу фактілері тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ шетелдік көліктің иесі де жауапкершілікке тартылды. Ол көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға бергені үшін жазаланды.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал BMW коммуналдық тұраққа қойылды.