ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Курчатов көшесі маңында болған. 2017 жылы туған бала батпақты аумаққа шығып, қатпаған мұздың астына түсіп кеткен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы жедел түрде судан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
"Алдын ала диагноз бойынша бала қатты тоңып қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр", – деп хабарлады ведомство өкілдері 2026 жылғы 22 қарашада.
Ведомство өкілдері жұқа мұздың адам өміріне қауіп төндіретінін еске салып, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, оларға қауіп-қатерді түсіндіруге және су айдындарының маңында ойнауына жол бермеуге шақырды.