Қазақстанда су айдындарының жағасына заңсыз салынған 18 нысан сүрілді

Сурет: gov.kz
Қазақстанда су айдындары маңында заңсыз салынған 18 нысан сүрілді, деп хабарлайды Zakon.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің бассейндік инспекциялары жерүсті су объектілерінде, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз құрылыс жүргізудің 18 дерегін анықтаған.

Әрбір дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот жалпы сомасы 12,7 млн теңге әкімшілік айыппұл салу және заңсыз салынып жатқан немесе салынып біткен құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы 18 шешім шығарды.

"Бассейндік инспекциялар су заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде тексереді. Сондай-ақ Бас прокуратурамен бірлесіп қабылданған судың "көлеңкелі нарығына" қарсы күрес жөніндегі жол картасында көзделген шаралар іске асырылып жатыр. Былтыр қабылданған Су кодексі бассейндік инспекторлардың өкілеттігін кеңейтіп, су объектілерін қорғауға нақты талаптар белгіледі", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Бұған дейін, 14 қарашада, Астанада ғимарат иесіне өзіне тиесілі ғимаратты бұзу міндеттелгенін жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды