Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Сурет: gov.kz
2026 жылғы 24 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Лепеханы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Игорь Лепеха 1962 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, ал 1993 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген.

1986–1997 жылдары Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында қызмет еткен. 1997–2009 жылдары Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2009–2019 жылдары Игорь Лепеха ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, кейін комитет төрағасы болды.

2019–2020 жылдары ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бастығы, 2020–2022 жылдары министрліктің аппарат басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы қазаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Сондай-ақ 24 қарашада Мемлекет басшысы Ерсайын Нағаспаевты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты. "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн қалай тапсыруға болады