Алдын ала мәлімет бойынша, автовоз Қытайда шығарылған автокөліктерді тасымалдап келе жатқан. Оқиға 2026 жылғы 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 300-шақырымында болған.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, FAW маркалы автовоздың жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлікті жол жиегіндегі орға аударып алған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бес автокөлік механикалық зақымданған", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қарашада Қапан-Бұлақ ауылының маңында жүк көліктерінің қатысуымен жол апаты болған еді.