Шымкенттегі дәмханада ер адам стақан лақтырып, қыздың тісін сындырып, ернін жарды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 12:37 Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі кофеханалардың бірінде ер адам қызға шыны стақан лақтырып, оның беті мен қолын жарақаттаған. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Криминальный Казахстан" Telegram-арнасының мәліметінше, кофеханада бір үстел басында алты ер адам отырған. Куәгерлердің айтуынша, олар әуелі дауыстап сөйлескен, кейін қыздармен таныспақ болған. Қыздар танысудан бас тартқан соң, ер адамдар оларға тіл тигізе бастаған.

Жанжал кезінде ер адамдардың бірі қыздарға қарай стақан лақтырған. Стақан қыздардың біріне тиген. Куәгерлердің сөзінше, оның тісі сынып, ерні жарылған. Әйнек сынығы қолын сүйегіне дейін тіліп кеткен.

Ер адамдар полиция келгенше кофеханадан кетіп қалған.

"Қыздар полицейлерді күтіп, кейін медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер жәбірленушінің ерні мен қолындағы жараларын тікті", – делінген жазбада.

Zakon.kz тілшісіне Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 2026 жылғы 25 қарашада қаладағы дәмханалардың бірінде болғанын хабарлады.

"Дәмханаға келгендер арасында жанжал шыққан. Ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны стақан лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған", – деп мәлімдеді департамент.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Бірнеше күн бұрын Шымкенттегі дәмханалардың бірінде күзетшілер мен келушілер арасында төбелес болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: