БҚО-да құтқарушыны пышақпен жарақаттаған ер адам ұсталды
Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметінен
Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылдың 1 сәуірінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.БҚО ПД баспасөз қызметі
Сонымен қатар, облыстық департамент бүгінде Орал қаласында және бес ауданда көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еске салды.
Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы полиция қызметкері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript