Өмір бумеранг: Күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген ер адам ауруханаға түсіп қалды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 10:55 Фото: Zakon.kz
Өскеменде 5-қабаттан лабрадор күшігін лақтырып жіберген ер адамды біреулер сабап кеткен. Ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бесінші қабаттан тасталған жануар ветеринарлық клиникада өлді. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде лезде таралып, қоғамдық резонанс тудырды. "Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, жануарға қатыгездік таныту дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.

Дегенмен, көп өтпестен күдіктінің өзін белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен. Енді полицейлер тек төрт аяқты жануарға қатысты зорлық-зомбылықты ғана емес, ер адамның соққыға жығылу дерегі бойынша да тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Таиландта бортында Қазақстан азаматтары да болған катер теңізге батып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: