Атырауда ер адам бесінші қабаттан секіріп өлмек болды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2023 14:20 Сурет: видеодан алынды
Атырауда тәртіп сақшылары 5 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард ықшам ауданында орналасқан үйдің 5-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қадірбек Қуатов, Али Қадыров және учаскелік полиция инспекторы Ануар Құспанов жетті.

Олар көпқабатты үйдің 1-ші подъезді арқылы 4 қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған. Полицейлер оны қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

1959 жылғы ер адамның отбасылық жанжал салдарынан осындай іс-әрекетке барғаны анықталды. 

Оқыс оқиға видеосы мына сілтемеде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: