Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан "лақтырып жіберді"

Қайғылы оқиға, Мәскеу, ер адам, 16-қабат, әйелі мен баласын лақтыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 15:21 Сурет: Мәскеу қалалық прокуратурасы
Мәскеуде ер адам 16-қабаттан кішкентай сәбиін лақтырып жіберген, одан кейін әйелін де терезеден итеріп құлатқан. Бала мен ана оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 25 тамызда Мәскеудің Лефортово ауданында болды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмады. Ер адамның 39 жаста екені белгілі. Куәгерлердің айтуынша, бала мен әйел биіктен құлағаннан кейін, біраз уақыт бойы өзге де заттар 16-қабаттың терезесінен сыртқа "ұшып жатқан".

"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келіп, ауланы қоршауға алды, ер адам ұсталды", деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Ресейлік БАҚ күдіктінің Ресей Федерациясының Орталық банкінің қызметкері болуы мүмкін деп болжайды. 36 жастағы жұбайымен ол шамамен үш жыл некеде болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: