Сенатор бизнесті қолдау үшін бірыңғай портал құруды ұсынды

Сурет: pixabay
Дәурен Әділбеков шағын және орта бизнесті мемлекеттен қолдау шараларының тиімділігін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Кәсіпкерлерге түрлі әкімдіктерден мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Осыған орай бизнесмендер түрлі оператордан мемлекет оларға қандай қолдау бағдарламасын ұсынатыны туралы ақпарат алуға мәжбүр. Осы мәселе депутаттың пікірінше, бизнес үшін ақпарат қолжетімділігін төмендетеді. Сондықтан кәсіпкерлер тарапынан наразылықтар бар. Депутат Дәурен Әділбеков Сенат отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа шағын және орта бизнесті қолдау бойынша сауал жолдады.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметке мемлекеттік қолдау шаралары операторларының санын қысқарту және біріктіру арқылы оңтайландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.Дәурен Әділбеков

Сенатор шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау үшін бірыңғай ақпараттық портал құру қажет деп есептейді. Мұндай порталда кәсіпкерлерге қажет барлық ақпарат жинақталады.

Сонымен қатар Дәурен Әділбеков мемлекеттік қолдаудың кейбір бағдарламасы бір-бірін қайталайтынын айтты. Депутаттың ұсынысынша, Үкімет талдау жүргізіп, бизнесті қолдаудың тиімді шарасын анықтауы керек.

Қазір әр министрлік: ҰЭМ, АШМ, ИИДМ, ЕХӘҚМ және басқалар шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын әр жақтан басқарып отыр. Барлық салада көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы бірде-бір орган толық ақпарат бере алмады. Әр мемлекеттік орган тек өз саласына қатысты ақпаратқа ие. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың қарапайым, түсінікті тетіктері бар бірыңғай қағидасы қажет.Сенатор
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды