Сенатор жастар саясатындағы формализмге және қаржының тиімсіз жұмсалуына наразы болды

Сурет: Zakon.kz
Сенатор Әли Бектаевтың сөзінше, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты азаматтардың бейбіт сөз сөйлеуін қылмыстық топтар өз мүддесі үшін пайдаланды. Нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz

Депутат бұл туралы Сенат отырысында вице-премьердің атына жазылған депутаттық сауалында айтып, пікірін білдірді. Әли Бектаевтың айтуынша, Президент тапсырған нақты міндеттерді орындауда ұлттық идеологияны қалыптастыру керек. Ол үшін жастармен жұмысты күшейтуге баса назар аударылуы тиіс.

Қаңтар күндері алаңға жастар шықты. Олардың көбі деструктивті күштердің арандатуына бой алдырды. Жедел шешуді талап ететін проблемалардың бірі – өскелең ұрпақ арасындағы жұмыссыздық. Үкіметтің жыл сайынғы есептеріне қарап отырсақ, әр өңірде мыңдаған жұмыс орындары ашылып жатады. Түрлі мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде көптеген кәсіпорындар ашылып, жүздеген адам жұмыспен қамтылды деген жаңалықтарды да естиміз. Бірақ жастар арасындағы жұмыссыздық көбеймесе, азаймай отыр. Сондықтан Үкімет жұмыссыздықты жою ісінде жалған есепке жүгінбей, нақты істерге көшуі қажет.Сенатор Әли Бектаев

Сенатор өзінің депутаттық сауалында жастар саясаты заман талабынан да, жастар талабынан да қалып отырғанын айтты. Әли Бектаев жастар саясатын формализмнен арылтып, оларды тәрбиелеу мәселесімен тыңғылықты айналысу, елімізде рұқсат етілмеген деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты шараларын қолға алу маңызды екенін жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды