Үкіметке Жезқазған – Ұлытау өңіріндегі жағдайға қатысты депутаттық сауал жолданды

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Қазақстан Республикасы Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында Жезқазған – Ұлытау өңірінің тұрғындарынан өңірдің экологиялық ластануын жою және жергілікті халыққа қолдау көрсету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz
Көптеген жылдар бойы үкімет пен парламенттің атына Жезқазған – Ұлытау өңірінің тұрғындарынан өңірдің экологиялық ластануын жою және жергілікті халыққа қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдау туралы өтініштер келіп түсуде. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсерімен жұртшылық байланыстырып отырған өңірдегі онкологиялық аурулардың жоғары деңгейі, ауыз судың сапасы, медициналық қызметтердің төмен деңгейі және бүкіл өңірді экологиялық дағдарыс жағдайы аймағы деп тану туралы мәселелер.Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов

Депутаттың айтуынша, мәселелерді объективті қарау қажеттігі туралы депутаттар сауал жолдағанымен, уәкілетті мемлекеттік органдар аталған проблеманы шешуден бас тартып, өңірдің көпжылдық қордаланған мәселелеріне ден қоймаған.

Осыған орай депутат үкімет басынан

1. Қарағанды облысының Жезқазған – Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құруды; Комиссияға Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан қоршаған ортаның ластануына бағалау жүргізуді; Комиссия құрамына денсаулық сақтау, экология, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерін енгізуді;

2. Жезқазған – Ұлытау өңірінің елді мекендері тұрғындарының денсаулық жағдайы скринингінің және медициналық тексерулердің 2020-2021 жылдардағы нәтижелерін ұсынуды;

3. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының 2021 жылғы 28 маусымдағы «Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына теріс әсерін азайту» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің ұсынымдарын орындауды;

4. Қазақстан Республикасы президентінің Үйтас-Айдос және Қожамсейіт суағарын қайта жаңарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы хабарлауды сұрады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды