Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 12:13 Фото: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн райы күрт нашарлайды. "Қазгидромет" РМК мамандарының 2026 жылғы 5-7 қарашаға арналған болжамына сәйкес, елдің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ күн суытып, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, осы уақытқа дейін жауын-шашынсыз ауа райын сақтап келген антициклон елімізден алыстайды.

"Оның орнын солтүстік циклонның терең ойығы басады. Соның салдарынан алдағы үш күнде алдымен батыста, кейін Қазақстанның қалған аумағында күн райы нашарлайды. Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің нақтылауынша:

  • 5-6 қарашада еліміздің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі;
  • 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
  • "Қазақстанның барлық аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Метеорологтердің мәліметінше, ауа температурасы мынадай болады:

  • Батыста: түнде 0...+7°C, күндіз +3...+14°C;
  • Солтүстік-батыста: түнде -1...-8°C, күндіз +1...+15°C;
  • Солтүстік пен орталықта: түнгі температура -3...-8°C-тан +1...+6°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +5...+13°C-тан +1...+10°C-қа дейін төмендейді;
  • Шығыста: түнде ауа температурасы -3...-8°C-тан 0...+5°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +3...+8°C-тан +7...+12°C-қа дейін жоғарылайды;
  • Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста: ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 4, 5 және 6 қарашада күн райы қандай болатынын мына материалдан білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: