Қар жауып, күн −6°C-қа дейін суытады: 13 қазаннан бастап Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 12:13 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылғы 13–15 қазан аралығында жауын-шашын жауып, жел күшейеді, тұман түседі. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, осы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Бейсенбі, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Сол күні шығыс пен солтүстікте көктайғақ болады деп болжануда.

Ал орталық және оңтүстік өңірлерде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.

Алдағы күндері ауа температурасы мынадай болады:

  • Солтүстік-батыста күндіз +10…+22°C;
  • Солтүстікте түнде −6…−1°C, күндіз +3…+13°C;
  • Орталық өңірлерде түнде −6…+3°C, күндіз +4…+15°C;
  • Шығыста түнде −5…+5°C, күндіз −1…+9°C;
  • Оңтүстік-шығыста түнде +5…+10°C, таулы аудандарда −2…+3°C. Күндіз +10…+22°C, тауда +5…+10°C.

Бүгінгі, 12 қазандағы ел аумағы бойынша ауа райы болжамын мына сілтемеден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: