Қазақстанның екі өңірінде ауа райы күрт бұзылады: қар мен жаңбыр жауады
Фото: unsplash
Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында ауа райының өзгеретіні туралы хабарлады. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 9–11 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады, деп жазады Zakon.kz.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
"Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі", – делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ ел аумағында желдің күшеюі болжануда.
Ал шығыста мен орталықта – тұман, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болуы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 8 қазанда Астана мен 12 облыста дауыл туралы ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript