Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар мен жаңбыр жауады

Дождь, дожди, осадки, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 13:51 Фото: unsplash
Атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады. Бұл туралы Zakon.kz-ке "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Белгілі болғандай, 22–24 қараша аралығында елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.

"Тек Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі күтіледі.

Температуралық фонға келсек, айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Метеорологтар бұған дейін, 2025 жылғы 21 қарашада, бүкіл ел бойынша тұман болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: