Алматының бір апталық ауа райы: температура +12°С-қа дейін көтеріліп, жаңбыр жауады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Бірақ кей күндері жаңбыр жауып, тұман түседі.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 6-12 қаңтар аралығында оңтүстік астанада күн жылы болады. Аптаның ортасында жаңбыр жауады деп болжанған.
- 6-7 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.
- 8 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +5+7°С.
- 9 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.
- 10 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.
- 11 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С.
- 12 қаңтар: көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбіне жаңбыр). Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +4+6°C.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript