Алматыда тамыз айының соңғы аптасындағы ауа райы: жаңбыр жауып, күн суытады
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жетекші синоптикі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада тәуліктік ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Алматылықтар жаңбыр жауады, кейде бұршақ жауып, жел күшейеді.
26 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +31+33°С.
27 тамыз: көшпелі бұлтты, жаңбырлы күн, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С.
28 тамыз: бұлтты, жаңбыр, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +21+23°С.
29 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +24+26°С.
30-31 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С.
1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +23+25°С.
Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға демалыс күндері ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.