Қазақстанда 8-10 қыркүйек күндері ауа райы суытады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2022 жылдың 8-10 қыркүйегіне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Zakon.kz тілшісіне «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы салқын болады, тек Қазақстанның оңтүстігінде әлі де жылы.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 8 қыркүйекте – шығыста, 10 қыркүйекте – батыста, солтүстік-батыста – найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Болжам бойынша, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде 1 градусқа дейін топырақ бетінде үсік күтіледі.
Ауа температурасы:
республиканың солтүстік жартысында түнде +2...+12°С, күндіз +15...+25°С;
батыста түнде +2...+14°С, күндіз +10...+24°С;
орталықта және шығыста түнде +1...+18°С, күндіз +15...+32°С;
оңтүстік жартысында түнде +10...+23°С, күндіз +20...+35°С.
Бұған дейін қазақстандық синоптиктер қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript