Қазақстанның тұңғыш президенті туралы заңның күші қашан жойылады

Сурет: elbasy.kz
ҚР парламенті сенатының кулуарында әділет министрі Қанат Мусин тұңғыш президенттің өкілеттігі туралы заңның қашан күші жойылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституциядан тұңғыш президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан сәйкесінше бұл заңды барлығынан алып тастау керек.Әділет министрлігінің басшысы Қанат Мусин

Министрдің айтуынша, бұл Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында жүзеге асады.

Бұл түзетулер парламенттің қарауына биыл ұсынылады.Қанат Мусин

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Атап айтқанда, олардың бірі еліміздің Бас құжатынан Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мәртебесін алып тастауды қарастырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда