Парламент Тоқаевтың әскерилерді БҰҰ миссияларына жіберу туралы ұсынысын қолдады

Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құжатты Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов таныстырды.

Әскердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі нығайту қазіргі сын-қатерге қарсы әрекет етуде тәжірбие жинау мәселесі өзекті болып отыр. Осы тұрғыда БҰҰ Жарғысының 7-тарауына сәйкес, Қарулы күштердің Орталық Африкада, Конго демократиялық республикасында, Малиде бітімгершілік миссияға қатысуын кеңейтуді орынды деп санаймын. Қазақстан штаб офицкрі әскери байқаушы ретінде қазіргі уақытта миссияда тапшы болатын. Жаяу әскер, мидициналық барлау, әскери полицияның инженерлік бөлімшесін бөлуге дайын.Руслан Жақсылықов

Министрдің айтуынша, бағалау мен іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. БҰҰ-ға Қазақстаннан бес бөлімше ұсынылды. Олардың дайындығы әртүрлі деңгейде.

Біз бөлімшелерімізді бірден емес, сұраныс бойынша жібереміз. Тапсырманы орындауға дайындығымызды бағалайтын боламыз, – деді Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Мемлекет басшысының ұсынысын Қазақстан Республикасы парламентінің қос палатасының депутаттары қолдады.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды