Депутат қаланың экологиялық жағдайы туралы: "Теміртауды Түтінтау деуге болады"

Сурет: wikimedia
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай Теміртау қаласының экологиялық жағдайына алаңдаулы. Ол өз алаңдаушылығын премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір Теміртауды Теміртау емес, шын мәнінде "Түтінтау" деп айтуға болады. Бұл қалада жерге жауған аппақ қар қорқынышты қара түске айналады. Ащы түтін мен улы газға тұншығып, жөтеліп, қара қардың үстінде жүру тұрғындардың жанына да батады".Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай

Мәжілісменнің айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" 28 жыл бойы еңбек заңнамасын сақтамаған, жұмысшылардың құқығын қорғамаған, еңбек қауіпсіздігін сақтамағандықтан шахталардағы жарылыстан жүздеген адам қаза тапқан. Сонымен қатар модернизация жүргізілмеген, өндіріс құрал-жабдықтары тозған, экологиялық құрал-жабдықтар жаңартылмаған, сол себепті бүгінде зиян шығарындылар белгіленген нормадан бірнеше есе жоғары.

Осылайша әлемнің 18 елінде өндіріс орындары бар "АрселорМиттал" компаниялар тобынан атмосфераға шығарылатын зиян заттардың 50%-ға жуығы Теміртау зауытынан келеді. Бұл зауыт - көмірді пайдаланатын жалғыз кәсіпорын.

"Жыл сайын өндіріс орнынан қоршаған ортаға таралатын қауіпті қалдықтардың көлемінен бірнеше есе асып түсуі, тұрмыстық сарқынды суларды ағызған кезде экологиялық талаптардың сақталмауы азаматтардың денсаулығына зиянын тигізеді, сонымен қатар қала маңындағы өзендерді ластайды. ДДСҰ мәліметі бойынша, адам денсаулығына ең қауіпті жағдай – қоршаған орта ауасының ластануы. Оның салдары түрлі ауру көбеюіне әкелетіні белгілі".Аманжол Алтай

Мәселенің маңызын ескере отырып, депутат мына нәрселерді сұрайды:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды