Депутат Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою тәртібін түсіндірді

Сурет: parlam.kz
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп танылады. Мұндай шешімді Парламент таяу уақытта палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


2023 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов атап өткендей, 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасы келіп түскен.

"Бұл мәселе Парламент палаталарының – Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында қаралады. Мүмкін осы аптада, мүмкін келесі аптада болар. Шешімін талап ететін процедуралық мәселелер бар". Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов

Оның айтуынша, заң жобасы бойынша Конституциялық соттан түсініктемелер келіп түскен. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы заң екі оқылымда қабылданып, Мәжілістің де, Сенаттың да депутаттары дауыс береді.

Сондай-ақ депутат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заң 2000 жылы қабылданғанын еске салды.

11 қаңтар күні Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды деп тану туралы шешім шығарды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты