Пойыз купесінде дәрет сындырған еркек 3 тәулікке қамалды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Өзін дөрекі ұстап, басқа жолаушыларды балағаттаған

Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы жолаушылар поезынан мас күйінде болған 46 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол поезд ішінде кіші дәретін сындырып, өзін дөрекі ұстап, басқа жолаушыларды балағаттаған.

Көлік полицейлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 440-баптары, яғни ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін екі әкімшілік хаттама толтырды. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Темір аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері 41 000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 4 331-і алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, 602-сі ұсақ бұзақылық үшін.

 

 

Ақтөбе
Атырау
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі