Алматыда жиһаз жасаушы алаяқ ұсталды

Сурет: pixabay
Ол алдын ала төлемді толық көлемде алып алған соң қашып кеткен

Алматыда жиһаз жасаймын деп жұртты алдаған алаяқ іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Instagram-нан парақша ашып, онда жиһаз фотосуреттерін орналастырып, оны өзі жасағанын, тапсырыстар қабылдайтынын айтқан. Ол жиһаз жасау үшін нарықтық бағадан әлдеқайда төмен баға сұраған. Тапсырыс берушілердің шақыруы бойынша үйлерге барып, өлшем алып, жалған келісімшарт жасасып, алдын ала 100 пайыз төлем алып отырған. Одан кейін клиенттер оны көрмеген.

Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Іс жүргізу барысында азамат Д. кем дегенде дәл осылай 14 адамды алдаған. Дегенмен жәбірленушілердің саны бұдан көп болуы мүмкін. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады