Боранда жолда қалған жолаушыларға полицейлер көмектесті

Сурет: pixabay
Қостанайлық полицейлер боранда тас жолда қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы жолда қалған жолаушыларға көмектескен полиция қызметкерлері марапатталғанын мәлімдеді.

28 желтоқсан күні түнгі сағат бір шамасында Амангелді ауданының полиция бөліміне Әулиекөл-Жалдама автожолында Жалдама ауылынан 3 шақырым жерде Амангелді ауылына бара жатқан шағын автобус бұзылып қалғандығы туралы хабар келіп түскен. Онда жүргізушімен бірге 13 адам болған. Олардың көбі демалысқа үйлеріне бара жатқан студенттер.

Көмекке Амантоғай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары Дастан Кушпанов пен Теміржан Еркебұлан келеді. Олар тоңып қалған жолаушыларды қызметтік УАЗ-ға отырғызып, Амантоғайға жеткізген. Әрі қарай полицейлер аталған ауылдық округ әкімімен бірлесіп, жолаушыларды жол бойындағы дәмханаға орналастырып, ыстық шай ұсынған. Кейін олар Амангелді ауылындағы үйлеріне аман-есен жеткізілді.

Жыл қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінде учаскелік полиция инспекторларының слетінде ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес бойынша жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін үздік қызметкерлерді, соның ішінде Дастан Кушпановты марапаттады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады