ҚАЖК төрағасының орынбасары: Бүгінгі таңда ауруханадағы 31 адамға күзет қойылған

Сурет: pixabay
Қаңтар оқиғаларына байланысты соттардың шешімімен күдікті адамдар қамауға алынды. Аталған адамдар қамауға алынған кезінде міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, ПТР-тесттің теріс нәтижесімен қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингі кезінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлім етті. Оның айтуынша, дене жарақаттарын алған немесе ауырған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіліп, бұл жайынан прокуратураға хабарланады. Мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаға жеткізіледі және арнайы күзет қойылады.

Бүгінгі таңда осындай 31 адам бар, олардың 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, біреуі Қызылорда және тағы біреуі Атырау қаласындағы ауруханалада емделуде. Олар дене жарақаттарын тергеу изоляторына түскенге дейін алған. Бұл мәліметтер оларды қамауға алғанда анықталып, тіркелген әрі прокуратура одан құлағдар етілген. Олардың барлығы сот шешімімен қамауда ұсталуда. Бұл шешіммен келіспесе, азаматтар прокуратураға немесе сотқа шағымдана алады. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты