Ермек Нарымбаевтың ұсталуына қатысты адвокат түсінік берді

Сурет: Instagram/ermeknarymbai
Қазақстандық блогер Ермек Нарымбаев 2016 жылдан бері іздеуде. 2022 жылы 6 ақпанда ол Алматы әуежайында ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 ақпанда алдында елімізде сотталып, іздеуде жүрген қазақстандық блогер Ермек Нарымбаев Киевтен Алматыға келіп жетті. Әуежайда оны Көліктегі полиция қызметкерлері ұстап, пробациялық бақылауды бұзғаны үшін тергеу изоляторына жеткізді.

Нарымбаев 2016 жылдан бері іздеуде. Алматы қаласындағы Алмалы ауданының соты блогер әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру, ұлттың ар-намысы мен абыройын қорлау белгілері бар мәліметтерді таратқаны үшін сотталды (ҚР ҚК 174-бабы).

Адвокат Асқар Қаймақовтың айтуынша, Көліктегі полиция қызметкерлерінің бұл арадағы әрекеті заңды.

Ермек Нарымбаевты ұстау және қамауға алу заңды әрі негізді көрінеді. Өйткені ол сот үкімімен жүктелген міндеттерді және Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарын өрескел бұза отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетіп отыр. Алматы адвокаттар алқасының адвокаты Асқар Қаймақов

Алайда сот үкімінің заңдылығы мен негізділігіне, сондай-ақ оған қарсы шағымдану мүмкіндігіне қатысты адвокат түсініктеме бере алмады, өйткені, оның айтуынша, ол қылмыстық іс материалдарымен таныс емес.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды