ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, бүгінде 1006 қару-жарақ пен 20 307 оқ-дәрі тәркіленген.
Қылмыскерлердің ұрланған қаруды сату фактілері де анықталды. Мысалы, 18 ақпанда Жамбыл облысы Байзақ ауданында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұрланған Калашников автоматын сатып жатқан жерінен ұстады.
Жеке тінту кезінде күдіктіден қару-жарақ сатудан түскен 300 мың теңге, ал көліктен оқ-дәрілерімен бірге екі Калашников автоматы тәркіленді. Барлық күдіктілер прокуратурамен келісе отырып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Санжар Әділов
Қазақстандықтар 100-ден астам қаруды өз еркімен тапсырған.
Қаруын өз еркімен тапсырған адамдар әрекеттерінде басқа жасаған қылмысы болмаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын естеріңізге саламыз.Санжар Әділов
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайын басып алуға қатысушыларды ұстағанын хабарлаған еді. Олардан тапанша мен пулеметтердің патрондары салынған мырыш жәшіктері, сауыт-саймандары, танкке қарсы екі жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, жеті пневматикалық мылтық тәркіленді.