Психолог мамандар елорда түрмелерінде ерекше тренинг өткізді

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты түзеу мекемелерінде психолог мамандар сотталғандарға ерекше тренинг өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚАЖД-ға қарасnы түзеу мекемелерінде психологтар «Ертегі терапиясы» тренингін өткізді.

Ертегілер кез-келген жастағы адамды әлемді тұтас қабылдау күйіне қайтарады. Олар армандауға, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, бейбітшілік пен адами қарым-қатынас туралы білім алуға мүмкіндік береді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағдат Амангелдиев.

Аталған терапияның беретін пайдасы – ол сотталушыны бірнеше бағытта дамытады, атап айтқанда жүйке-бұлшықет кернеуін, рефлексияны, өзін-өзі түсінуді жеңілдетеді.

Ертегі терапиясы – бұл жеке тұлғаны интеграциялау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сананы кеңейту, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс. Мұндай ерекше әдісті жазасын өтеушілерге қолдану арқылы, олардың темір тордан босап шыққаннан кейін қалыпты өмір бастауға оң әсерін тигізуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды