Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртеніп жатыр

Сурет: pixabay
Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранды , деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің орын алғаны анықталған уақыт - 12: 35. Қызыл жалынмен күрестің басталуы - 13:03, оқшаулау сағат 17: 33 кезінде мүмкін болды.

Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеді. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды