Халық қаһарманы Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды

Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінде кезекті рет ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр мен оның орынбасарлары бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметіне  «Халық қаһарманы» Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.

Өздеріңіз көріп отырсыздар, ол бүкіл сатыны өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені «Халық қаһарманы» бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаумен біз Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін.ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Қайрат Үмбетов 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында жаттығуды орындау кезінде жарылған жауынгерлік гранатадан полковник сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған болатын.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен:

Қазақстан
Ахметжанов Марат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек