Нұр-Сұлтанда Toyota көлігі сауда үйінің кірпіш қоршауын талқандай салды

Сурет: Telegram/Астана - Что? Где? Когда?
"Сарыарқа" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota Camry көлігінің 32 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай кірпіш қоршауға қойып кетті. Шашылған кірпіш салдарынан Nexia көлігі бүлінді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Telegram/Астана - Что? Где? Когда?

Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сурет: Telegram/Астана - Что? Где? Когда?

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Елордалық полицейлер жүргізушілерге жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды, жылдамдықты белгіленген шектен асырмауды және қажетті қашықтықты сақтауды ескертеді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы